ГАИ қайда қарап отыр?

Шілде 17, 2008


Сағат 15.00. шамасы болатын. Әл-Фараби және Баймағанбетов көшелерінің қиылысындағы бағдаршам істен шығыпты. Көліктер әрлі-берлі ағылып жатыр. Әйтеуір ретін тауып арғы бетке өттім. Бір қызығы Әл-Фараби даңғылының қозғалыссыз тұйық жағында тұрған МАИ инспекторы өз көлігінің ішінде отырып алып, сырттағы құбылысты «бақылауға» көшіпті. Бұл «көкем» неге көлігінен шығып, көлік қозғалысын реттемейді екен, әлде жол-көлік апатының болғанын күтіп отыр ма деген сауал жылт ете қалды…

15:47. Достық үйіндегі кезекті мерекелік шараға дайындық жұмыстарына қатысып қайта оралып келе жатырмын. Сұмдық-ай! Манағы қиылыста шыныменен жол-көлік оқиғасы орын алыпты. Мемлекеттік нөмірі Р 887 СЕ «Нива» көлігі мен Р 951 NYM нөмірлі шетел маркалы автокөлік қақтығысыпты. Абай болғанда, адам шығыны жоқ екен. Ең қызығы –бағана көлігінен шықпай отырған МАИ инспекторы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Кінәлі кім екенін анықтау қиынға түсе қоймас. Себебі бұл жерде инспектордың өзінен басқа бақылау камерасы орнатылған.

Бізді алаңдататыны басқа нәрсе: неге біз қашан болмасын оқиғаның алдын алуға тырыспаймыз? Қашанғы «қолымызды мезгілінен кеш сермеп» жүре бермекпіз? Бұл жолы шен таққан инспектор «ала таяғын» тым кеш сермеген сияқты…

Entry Filed under: Uncategorized. Ілмектер: .

Leave a Comment

Required

Required, hidden

Some HTML allowed:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <pre> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed


Calendar

Шілде 2008
M T Ср T F S S
     
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  

Most Recent Posts