Қостанайда – «Таң қалмаңыз!»
Шілде 16, 2008
Алматыдан журналист жігіттер хабарласып, ономастикаға қатысты бір деректер тауып беруімді өтінді. Қалада емес едім. Жалма-жан ұялы телефоныммен байланысқа шықтым. Осы ортада жүріп-ақ, қалай мән бермегенбіз десеңізші?! Біраз жерлерге телефон шала отырып, тапқан дерегім мынау болды. Облыс орталығындағы 280 көшенің 22-сі ғана қазақша атау иеленіпті! Жағамды ұстадым! Ұят! Бірақ өтінішті жерге тастауға болмайды, жігіттерге хабарластым. Олар жерден жеті қоян тапқандай қуанды. Мүмкін, осы жігіттердің көмегімен сеңнің беті қозғала бастар?.. Көңілде бір үміт пен бір күдіктің арпалыса жөнелді…
Айтпақшы, жаңағы 22-нің бірі – «Қазақ» көшесі. Өз елімізде өзімізге көше берген қандай «дархан» едік. Әдемі, кең даңғыл болса ештеңе емес-ау, жықпыл-жықпыл, жеңіл көліктің өзі әрең сиятын көшесымақ! Кәдімгі бір қазақтың кешіп өткен «тар жол, тайғақ кешуін» көз алдыңа келтіретіндей. Әдейі ойластырса, дәл мұндай көше табылмас еді!
Entry Filed under: Uncategorized. .
Trackback this post | Subscribe to the comments via RSS Feed